Түркияның Кония қаласында үстел теннисінен Исламдық ынтымақтастық ойындары өтуде. Қола медальді қазақстандық Денис Жолудев жеңіп алды.

Мықты сегіздікке кіру үшін матчта Сауд Арабиясы құрамасының көшбасшысы Абдулазиз Бу Шулайбиден айласын асырды есеп- 3:1. Ширек финалда қазақстандықтың қарсыласы өте тәжірибелі Ибрагим Диау (Сенегал), осы ойындардың мықтыларының бірінен саналатын әлемдегі 65-ракетка болды. Төртінші партияда жалпы есепте 1:2 қалыс тұра ойынның соңына қарай алға шықты есеп- 13:11.

Шешуші сет 11:8 есебімен аяқталды - Жолудев жартылай финалда. Финалға барар жолда оны Олимпиада ойындарының қатысушысы Нима Аламиан (Иран) күтіп тұрды. Тәжірибелі шеберлердің қарсылығында ирандық мықты болды.