Юлия Путинцева Торонтода (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші әлемнің 299-ракеткасы канадалық Кэтрин Себовпен кездесіп, 3:6, 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Матч 2 сағат, 9 минутқа созылды.

Келесі айналымда Юлия Путинцеваның қарсыласы әлемнің үшінші ракеткасы испаниялық Паула Бадоса болады.

Фото Reuters