Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингісінде 27-орын) Торонтода (Канада) өтетін турнирдің бірінші айналымында кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыздың турнирдегі алғашқы қарсыласы чехиялық Мария Боузкова (47-орын) болмақ. Кездесу бүгін, 8 тамызда өтеді.

Айта кетейік, Уимблдон 2022 жеңімпазы Елена Рыбакина Сан-Хоседегі сәтсіздіктен кейін WTA рейтингісінде 4 саты төмендеп, 27-орынға тұрақтады.