Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасы Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының кезекті жарыс күнінде төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасындағы жекелей сында Әлішер Жұмақан жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Оның әріптесі Дмитрий Носков мәреге екінші келді.

Дәл осы сайыс түрінен әйелдер арасында Рината Сұлтанова бірінші орын алды. Марина Кузьмина қола жүлдені жеңіп алды.