Азия чемпионатының ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев спорт түрінің қазақстандық жастар арасында өте танымал екеніне тоқталды.

«Бұл күндері Қазақстан елордасы құрлықтың ең мықты дзюдошыларын жинады, олар табанды ойын үлгісін көрсетіп, жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл сыйлайды деп күтеміз.

Құрлық турнирі осы күндері дзюдоның жауынгерлік өнер ретінде елімізде белсенді дамып келе жатқандығының айқын дәлелі. Қазақстандық мыңдаған жас спорттың осы түрінің әдіс-тәсілдерін игеруде.

Және де дзюдо Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосатынына сенімдімін», – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.