«Тобыл» мен «Қызыл-Жардың» бұрынғы ойыншысы Алмат Бекбаев Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық клубтардың Конференциялар Лигасы 3-турының бірінші матчтарына қатысты пікір білдірді.

– Мен әлі күнге дейін «Тобылды» фаворит санаймын. Матч минималды есеппен аяқталды, сондықтан мүмкіндік бар, және менің ойымша, қостанайлықтар қарсыласын жеңе алады, өйткені «Зриньски» мықты команда емес. Әрине, Томашевич алған қызыл қағаз көңілді түсірді – төрешімен дауласудың қажеті жоқ. Матч барысында «Тобылдың» гол соғатын 2 мүмкіндігі болды, соны пайдалану керек еді.