Қорғаушы Сеcар Аспиликуэта «Челсиде» қалатын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

The Athletic мәліметінше, испаниялық ойыншы лондондық клубпен келісімшартты 2024 жылға дейін ұзартты, бұл туралы жақын арада ресми түрде хабарланады. Бұрынғы келісімшарт 2023 жылдың жазына дейін есептелген болатын.

Бұған дейін «Барселона» 32 жастағы футболшыны сатып алу үшін келіссөз жүргізіп жатқаны хабарлаған, алайда лондондықтардың қожайыны Тодд Боэли трансферден бас тартқан.

Өткен маусымда Аспиликуэта АПЛ-да 27 ойын өткізіп, бір гол соққан болатын.