«Тұран» футбол клубының директоры Айбек Тлеужан шығынды оңтайландыруға байланысты болып жатқан қадрлық өзгерістер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.⠀- «Тұран» бар қаржымен өмір сүреді. Маусымның басында 2021 жылдан қалған несиелік берешегіміз бар екенін білдік. Сол себепті бюджетті оңтайландыру бойынша мәселе талқыланды. Сондықтан футболшыларға жеке жағдайын бірнеше есе азайтуға ұсыныс жасауға мәжбүр болдық.⠀Бүгінде клубтағы барлық футболшы тұрандықтардың намысын қорғау үшін шығынды оңтайландыруға келісті. Бұл оларға «Тұран» — отбасы» екенін дәлелдейтін, ойы бір жерде ұштасқан нағыз ұжым екенін көрсетеді. Біздің ұсынымызды қабыл алып, түсіністікпен қараған әрбір футболшыға жеке өз атымнан үлкен алғысымды білдіремін.⠀Оның үстіне біз құрамымызды мықты ойыншылармен толықтырдық. Қазақстан кубогының өткен матчтары Бекзат Қабылан, Руслан Жанысбаев, Олег Евдокимов, Звонко Чеклич, Артём Гуренко, Тимур Рудосельский және тағы басқа ойыншылар ел чемпионатының қорытынды кезеңінде көмектесе алатынын көрсетті.⠀Осыған байланысты жанкүйерлерді «Тұран» көңілден шығатындай футбол көрсететініне сендіргім келеді. Қазір сіздердің қолдауларыңыз аса маңызды. Біз бапкерлер ұжымына сенеміз! Олар биыл жақсы нәтиже көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Ең бастысы – сіздердің қолдауыңыз! Бірге жеңіске оңай жетеміз!