Орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкинмен жұмыс істейтін промоутер Том Леффлер жеңіл салмақта WBC International титулына үміткер қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (6-2-1, 2 КО) мен америкалық Челси Андерсон (5-0 , 2 КО) арасындағы ашық жаттығу туралы айтты.

Олар 4 тамызда Монтебеллода (Калифорния штаты, АҚШ) жұдырықтасады. Ал ол Қазақстан уақыты бойынша 5 тамыз күні таңертең болады.

«Жеңіл салмақтағы WBC International титулына жұдырықтасатын осы екі спортшы үшін бұл – керемет медиа-жаттығу.

«Леди Спарта» - Челси Мэй Андерсон жекпе-жегі 4 тамызда UFC Fight Pass-та өтеді. Барлық отыратын орындарға билеттер сатылды. Қазір түрегеп тұратын орындарға сатылатын билеттердің шектеулі саны 360 Promotions-та қолжетімді», - деп жазды Том өзінің Twitter-дегі парақшасында спортшылардың ашық жаттығулардағы фотосуреттерімен бөлісіп.