Brave CF 60 турнирінде америкалық Зак Маковскиді төрешілер шешімімен жеңген Асу Алмабаев Fightmatrix рейтингісіндегі орнын жақсартты, деп жазады Prosports.kz.

Асу ең жеңіл салмақта 30-орыннан 27-орынға көтерілді.

Одан бір саты жоғары, 26-орында жеңіліп көрмеген UFC файтері Мохаммед Макаев жайғасқан. Алмабаевтан кейінгі орында Жалғас Жұмағұловты жеңген америкалық Джефф Молина тұр. Ал Жалғастың өзі бұл рейтингте 35-орыннан көрінді.

Аталған рейтингте осы салмақтағы UFC чемпионы бразилиялық Дейвисон Фигеродо көш бастап тұр.

Асу Алмабаев Brave ұйымындағы қатарынан үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті