33 жастағы жартылай қорғаушы Май Махлангу павлодарлық клуб сапынан кетті.

Prosports.kz мәліметінше, ойыншы мен клуб келісімшартты бұзуға келіскен.

Махлангу осы маусымда Премьер-лигада 3 ойынға қатысып, гол соққан жоқ.

Еске салайық, «Ақсуға» дейін жартылай қорғаушы Болгария, Бельгия, Түркия, Швеция және Румыния чемпионаттарының бірқатар клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ Қазақстанда ол «Ордабасы» сапында ойнап, 58 ойында, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.