«ПСЖ» 2022 жылғы Франция Суперкубогын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Париждік клуб «Нантты» 4:0 есебімен жеңді.

Неймар дубль жасады, сондай-ақ форвард Лионель Месси мен қорғаушы Серхио Рамос бір голдан соқты.

«ПСЖ» тарихында 11-рет ел Суперкубогын иеленіп отыр. Бұл - рекорд көрсеткіш.
Айта кетейік, 2013 жылдан бері тек бір рет Суперкубокты «ПСЖ» жеңіп ала алмаған. 2021 жылы бұл жүлде «Лилльге» бұйырған болатын.