Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA250 BNP Paribas Poland Open турнирінің жұптық сынында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жергілікті теннисшілер Катаржина Кава/Алисия Росольска жұбын жеңді.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған финалдық кездесу 6:4, 5:7, 10:5 есебімен аяқталды.

Осылайша, Данилина WTA турнирінде үшінші рет чемпион атанып отыр. 2022 жылдың басында Анна Беатрис-Хаддад Маяамен бірге Сиднейдегі турнирде (WTA 500), ал былтыр Гданьск қаласындағы (Польша) WTA 250 турнирінде жеңімпаз атанған.