«Зенит» Ресей чемпионатының 3-турында мәскеулік «Локомотивпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында петерборлық команда 5:0 есебімен жеңіске жетті.

«Зенит» – «Локомотив» – 5:0

Гол соққандар: Вендел 63, Клаудиньо 75, Иван Сергеев 80, 90+3, Зелимхан Бакаев 90+1 (пенальти)

Айта кетейік, «Зенит» сапында өнер көрсететін қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп тағы да қосалқы құрамда қалды. Ол РПЛ-дың алғашқы үш турында да алаңға шыққан жоқ.