Шымкенттік команданың бапкері «Ордабасы» - «Атырау» 1:2 ойыны жайлы пікірін білдірді- Өкінішті жеңіліс, бірақ лайықты да шығар. Осындай қорғаныстағы қателіктермен оң нәтижеге үміттену өте қиын. Бәлкім бізге шабуылдаушы топқа бес голдан соғатын ойыншы қажет шығар.

Қарсыласымыз қателеспесем екі допты қақпаға тура тепті және екеуін де голға айналдырды, ойын көп мәрте тоқтады, бұлай ойнау қиын. Біздің жігіттер матчты құтқаруға тырысты, стандартты жағдайлар көп болды, алайда олардан түк шығара алмадық. Бұл біз үшін кезекті сынақ.

Осындай уақыт жетімсіздігінде бізге алаңға басқа ойыншыларды шығарудан басқа амал жоқ. Өкінішке орай, бізде тағы мәселелер мен ауырулар жетерлік, бірақ мен бұл жеңіліс бізге пайдалы болып, қиын жағдайдан шығамыз деген үміттемін.