Қазақстандық командалардың қатысуымен өтетін UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысындағы ойындардың қай телеарнадан көрсетілетіні анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, еліміздің атынан аталған бәсекеде «Тобыл» және «Қызылжар» командалары бақ сынайды. Олардың қатысуымен өтетін ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Петропавлдық «Қызылжар» 4 тамызда сырт алаңда Кипрдің АПОЭЛ командасымен күш сынасады. Кездесу елорда уақытымен 22:50-де басталады. Петропавлдық клуб екінші іріктеу сатысында Хорватияның «Осиек» командасын орта жолда қалдырып кетті.

Одан кейін Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Босния және Герцоговинаның «Зриньски» клубымен кездеседі. Ойынның басталуы елорда уаөытымен сағат 00:50-ге белгіленген. Қостанайлық клуб екі ойынның нәтижесімен (2:0, 1:0) Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасын орта жолда қалдырды.