Осы минуттарда Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 33 аралас жекпе-жек кешінде турнирдің басты кардының үшінші жекпе-жегі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Жеңіл салмақта қазақстандық Самат Мамедов (4-0) мен ирандық Мохаммад Хани (5-1) октогонда кездесті.

Жекпе-жектің 13 секундында жойқын соққымен Ханиді нокаутқа түсіріп, титулдық жекпе-жекке жақындады.

Айта кетейік, алдағы турнирде бокстан WBU және IBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипованың ММА бойынша дебюті күтілуде, онда грэпплинг пен панкратион бойынша Ресей чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Карина Оңдасынова (2-0) оған қарсылас болады.