Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов жаттығуға оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Баршаңызға ассалаумағалейкум! Қалдарыңыз қалай? Мен оралдым, жұмыс істеуді бастадық. Аздап демалдым. Бәріңді құшақтадым!», – деді файтер Stories-те.

Еске салайық, Жұмағұлов кейінгі жекпе-жегінде төрешілердің шешімімен америкалық Джефф Молинадан жеңіліп қалған болатын.

Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas