«Қайрат» АФК Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені атанған шабуылшы Альберт Ақбалықовпен жаңа келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, ойыншының жаңа келісімшарты 2024/2025 жылғы маусымының соңына дейін жарамды.

2021/2022 жылғы Қазақстан чемпионатында Альберт Ақбалықов 36 матчқа қатысып,46 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді.