28 шілде күні УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Чукарички (Сербия) мен Расинг Л (Люксембург) командалары арасында қарымта матч өтеді. Сол ойынға төрелік етуге қазақстандық төрешілер тобы тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас төреші – Болат Сариев (Орал). Оның көмекшілері – Сергей Васютин (Алматы) және Сергей Калачев (Атырау). Төртінші төреші – Эльвира Нұрмұстафина (Теміртау).

Матч Баново брдо (Белград, Сербия) стадионында өтеді.