Алматылық «Қайрат» футболшылары UEFА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің «Кишварда» клубымен қарымта ойынына Венгрияға аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сары-қаралардың» баспасөз қызметі команданың Алматы әуежайына келген сәтінің видеосын жариялады.

«Кишварда» - «Қайрат» кездесуі 28 шілдеде өтеді.

Алматыда өткен бірінші ойын 1:0 есебімен венгриялық команданың пайдасына аяқталды.