Қысқа үзілістен кейін жерлесіміз қайтадан жаттығу жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар24» сайтына сілтеме жасап.

Қазір ол Швейцарияда жарыс алдындағы дайындықты пысықтауда және күні кеше испаниялық Гарбинье Мугурусамен жолықты. Айта кетеу керек, Гарбинье бір жылдары әлемнің ең үздік ракеткасы болды. Ал, қазақстандық Елена Рыбакина енді тамыздың басында АҚШ-та өтетін халықаралық турнирге қатысады. Одан кейін Канададағы айтулы алман күтіп тұр. Тұра бір айдан тағы бір жылдың басты бәсекесі болады. АҚШ төрінде Үлкен Дулыға сериясының төртінші кезеңі ұйымдастырылады. Қазақстандық теннисші осы турнирде Лондондағы жетістігін қайталауға тырысады. Айта кетейік, Елена Рыбакина өз кәсіпқой мансабында бірінші рет және жалпы қазақстандық теннисшілер арасында алғаш боп Уиболдан турнирінде жеңіске жетті.