Қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың(14-2) алдағы жекпе-жегінің өтетін орны ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аралас жекпе-жек кеші Бразилияда өтуі қажет еді, алайда коронавирус шектеулеріне байланысты Бахрейнге ауыстырылды.

Ол 30 шілдеде өтетін Brave CF 60 турнирінде өнер көрсетеді. Қарсыласы америкалық Зак Маковски (21-10) болады. Жекпе-жек жеңіл салмақ санатында өтеді.

Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін желтоқсанда өткізді. Naiza FC 36 турнирінде ол үшінші раундта бразилиялық Кайк Аленкарды (10-2) нокаутқа түсірді. Ризван Абуев соңғы рет 2021 жылдың сәуір айында жекпе-жек өткізіп, Kingdom Professional Fight турнирінде отандасы Илья Черкашинді (6-3) үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын