Қазақстан құрамасы мен «Тараздың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана мансабын «Ақтөбеде» жалғастырады, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Тараз» клубының баспасөз қызметі команда капитанының «Ақтөбеге» ауысқанын ресми мәлімдеді. Қос тараптың шешімімен арадағы келісімшарт тоқтап, Бауыржан Байтана жаңа командаға ауысты.

Бұған дейін журналист Айдын Қожахметт Бауыржан Байтана «Ақтөбемен» 2,5 жылдық келісімшартқа қол қойғанын хабарлаған еді.

Айта кетейік, Бауыржан Байтана 2017 жылы «Ақтөбе» жейдесінде бір маусым өткізген болатын.