Галь Лейбовиц бастаған израильдік төрешілер УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Линкольн Ред Импс» – «Тобыл» ойынына қазылық етеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бас төреші: Галь Лейбовиц (Израиль); Көмекшілері: Йосси Бабайофф, Омер Барбиро (екеуі де Израиль); Төртінші төреші: Шалом Бен Аврам (Израиль).

Айта кетейік, матч 26 шілдеде Гибралтарда өтеді. Ойын елорда уақытымен 22:00-де басталады.