Нигериялық боксшы Мирекл Амаезе спаррингтен кейін қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, боксшы екі нокдаунға түскен жекпе-жектен кейін есін жоғалтқан. Содан кейін Амаезаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді, бірақ спортшы қайтыс болды.

18 жасар нигериялық жартылай ауыр салмақтағы болашақ жұлдыз саналған. Кәсіпқой рингте Амаезе 2 жекпе-жек өткізіп, екеуінде де нокаутпен жеңіске жеткен.