Қазақстандық ауыр атлет Динара Қыпшақбай Ташкентте өтіп жатыр Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жасқа дейінгі жастар арасында 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Динара 200 (89+111) келіні көтерді.

Сонымен қатар Динара жұлқа көтеруде кіші күміс, серпе көтеруде кіші қола жүлдеге ие болды.