16 шілдеде Ақтауда өткен Eagle FC 48 & Naiza FC 41 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Дәурен Ермеков (17-5) ресейлік Гамзат Хирамагомедовты (10-2) жеңіп, орта салмақтағы Eagle FC уақытша чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Жекпе-жектен кейін «қазақ» келесі жекпе-жегінде дивизионның толыққанды чемпионы, тәжікстандық «Терминатор» Фаридун Одиловпен (14-2-2) кездесуді қалайтынын айтты.

Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Ермеков соңғы жекпе-жегін қорытындылап, әйгілі ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедовтың өткендегі сөздеріне қатысты ойын айтты.

- Дәурен, бір қарағанда чемпиондық жекпе-жек мәртебесіне қарамастан, Хирамагомедовпен жекпе-жек сен үшін мансабыңдағы ең қиын жекпе-жектердің бірі емес сияқты көрінді. Өткен текетірестен алған әсерңізбен бөліссеңіз?

- Хирамагомедов өте мықты қарсылас. Жекпе-жек сізге қиын болмағандай көрінген шығар. Біздің жекпе-жекке қызығушылық танытқандар көп болды. Бірінші раунд тіке соққылармен басталды, ол соққы берді, мен жауап бердім. Екінші раундта қарсыласты партерге жатқызып, сонда шайқасты аяқтауды жөн көрдім.

- Бірінші бес минуттық кезеңнің соңында сіз жекпе-жек барысын өз қолыңызға алдыңыз. Сіздің ойыңызша, бұған не мүмкіндік берді?

- Ол жойқын соққы жіберіп алды, содан кейін қиындықтар туындады, шаршай бастады. Маған тек тоқтап қалмау ғана қалған еді.

– Екінші раундқа қандай тактикамен шықтыңыз?

- Қарсыластың тыныс алуы қиындауы үшін қарқынды одан да жоғарылату керек деген оймен екінші раундқа шықтым, бірақ Ғамзат тәжірибесі бар спортшы, сондықтан жылдам аяқтау оңайға соқпады.

– Жекпе-жек алдында Ғамзат сізді жіберемін деп, ақыры мерзімінен бұрын жеңіліп қалды. Харамагомедов сізді соншалықты төмен бағалады ма?

– Жекпе-жек алдында не қаласаңыз, соны айта аласыз, бірақ сөздің бәрі іспен дәлелденуі керек, бұл Ғамзаттың қолынан келмеді. Менің соққы техникамды бағаламаған шығар, Қазақстанда бокс мектебі жоғары деңгейде екенін, дүниеге келгенде-ақ сәбилер бокстан бірінші разрядпен келетінін білмеген шығап (күлді).

– Хабиб Нурмагомедов «уақытша» чемпион атағын жеңіп алғаннан кейін сізге не айтты?

- Хабиб құттықтап, мен бұл белбеуге лайық екенімді айтты, өйткені ол менің қалай еңбектенгенімді біледі.

- Ұйым чемпионы Фаридун Одиловпен толыққанды белбеу үшін жекпе-жек өткізуге қашан сенімділік болады?

- Нақты сенімділік болмаса да, бәрі сөз жүзінде.