24 шілдеде Түркістан, Орал, Талдықорған, Қостанай және Алматы қалаларында футболдан Қазақстан Кубогы-2022 топтық кезеңінің 3-ші турының бағдарламасы аяқталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сағат 18:30-да жергілікті «Тұран» мен «Астананың» кездесуі басталады. «Тұран» - «Астана» матчын тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Тағы үш кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады. Қостанайда «Тобыл» атакенттік «Мақтааралды» қабылдайды.

Қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда талдықорғандық «Жетісумен» ойнайды.

Оралдың «Ақжайық» Петропавлдың «Қызыл-Жарын» қабылдайды.

Ойын күнінің бағдарламасын Оңтүстік астананың Орталық стадионында Алматы уақыты бойынша сағат 21:00-де басталатын «Қайрат» пен павлодарлық «Ақсу» кездесуімен аяқтайды. Qazsport телеарнасы «Қайрат» – «Ақсу» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді.