«Правый хват» телеграм-арнасы «Барыс» хоккей клубының бұрынғы капитаны Роман Старченконың мәскеулік «Спартактағы» жалақысын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

- «Барыста» 14 маусым өнер көрсеткен қазақстандық шабуылшы Роман Старченко «Спартакпен» бір жылдық келісімшартқа отырды. Ол жаңа командасында 25 миллион рубль жалақы алады», - деп жазды Telegram-арна авторы.

Айта кетейік, 36 жастағы қазақстандық хоккейші Құрлықтық хоккей лигасында 15 жыл бір клубта бақ сынаған ойыншы атанар еді, бірақ 2022/2023 жылғы маусым алдында «Барыстан» кетті.