ЦСКА сапында доп тебетін қазақстандық жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов қақпашы Игорь Акинфеевтің РПЛ-дің екінші турындағы «Сочимен» (3:0) ойында нәтижелі пас бергені жайлы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Жаттығу кезінде Акинфеевтен осындай пастарды күтесіз. Мұндай диагонал пас бере алатын қақпашылар көп емес. «Жынды» қақпашы – басқа не айтамын.

Әртүрі позицияда ойнап жүргенім жайлы ма? Менің ойымша, Игорь маған қақпашы болуға мүмкіндік бермейді, сондықтан пайдамды тигізе алатын орында ойнауға дайынмын», - деді қазақстандық спортшы.

Айта кетейік, матчтың екінші таймында Игорь Акинфеев нәтижелі пас беріп, көзге түскен болатын. Ресейлік қақпашы кездесудің 56-минутында жартылай қорғаушы Хорхе Карраскалдың гол соғуына мүмкіндік жасады.