Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров Гран-при ISU сериясының екі кезеңіне қатысушылардың тізімін енді.

Михаил Шайдоров әлем біріншілігіндегі жетістігінің арқасында Анже және Эспоо қалаларындағы кезеңдерге қатысуға мүмкіндік алды.

Жарыстың жүлде қоры 180 000 долларды құрайды. 1-5 орын алған спортшыларға сыйақы қарастырылған.