«Арсенал» «Манчестер Ситидің» қорғаушысы Александр Зинченконың трансфері туралы ресми хабарлады.

Лондондық клуб украиналық ойыншыны шамамен 30 миллион фунт стерлингке сатып алған. Қос тарап ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.

Ұлттық құрама сапында Зинченко көбінесе жартылай қорғаныста ойнайды, бірақ «Манчестер Ситиде» ол әдетте сол қапталдағы қорғаушы болып өнер көрсетеді.

Өткен маусымда Зинченко «Ман Сити» сапында 28 матч өткізіп, 6 нәтижелі пас берген.