АСА 141 турнирінде қазақстандық файтер Артем Резниковтің қарсыласы анықталуы керек еді.

Жеңіл салмақың Гран-при жарысының 1/4 финалында Али Багов пен Рашид Магомедов кездесіп, жеңімпазы жартылай финалда Артем Резниковпен кездесуі керек еді.

Алайда жекпе-жек өте қызықсыз өтуіне және спортшылардың сылбыр қимылдауына байланысты АСА президенті жекпе-жекке «өтпеді» деген статус берді.