Хорватиялық «Осиек» командасының австриялық шабуылшысы Михрет Топчагич Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында «Қызыл-Жарға» қарсы өткен матч, қарсыластың деңгейі мен қарымта ойынға болжамын бөлісті.

Михрет, бүгінгі кездесу туралы пікіріңізді айтыңызшы.

– Ойын оңай болған жоқ, өйткені олардың сапында деңгейі жоғары ойыншылар бар. Бірінші таймда шабуыл жасап, жақсы мүмкіндіктерге ие болдық. Бір сөзбен айтқанда, ойын өте жақсы өтті, біз лайықты жеңіске жеттік.