Конференциялар лигасының 2-іріктеу кезеңіндегі матчта «Қайрат» өз алаңында венгриялық «Кишвардадан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық команда ойынның басым бөлігінде допқа иелік еткенімен, гол соға алмады. Матч венгриялықтардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Енді қарымта кездесу 28 шілдеде Кишвардада өтеді.

Конференциялар лигасы.

2-іріктеу кезең. 1-матч.

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - «Кишварда» (Кишварда, Венгрия) 0:1 (0:0)

Гол: Джасир Асани

21 шілде. Алматы. «Орталық» стадион.