«Барыс» хоккей клубы бірден бес хоккейшімен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық клуб канадалық қорғаушы Джесси Грэм, америкалық шабуылшы Джереми Бракко және ресейлік шабуылшы Кирилл Максимовпен бір маусымға жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ, «Барыспен» екі жылдық келісімшартқа қақпашы Андрей Шутов пен шабуылшы Аркадий Шестаков қол қойды.

Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2022/23 жылғы маусымы 1 қыркүйекте басталады.