«Барселона» шабуылшы Роберт Левандовскиді таныстырды. Тиісті суреттер клубтың Twitter-дегі ресми парақшасында жарияланды.

«Мен осы ұлы клубта жүлделер ұтып, табысты болғым келеді. Аянбай еңбек етемін. Мұнда болу өте керемет. Командаға көмектесу керек екенін түсінемін. Клубпен талай белесті бағындырғым келеді», - деді футболшы.

Еске салайық, 33 жастағы поляк каталондықтарға Бавариядан ауысты. Трансфер құны 45 миллион еуроны құрады.