Әзербайжандық «Сумгайыт» футбол клубы тағы бір легионермен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аzerisport.com порталы хабарлағандай, команда бұған дейін өз елінде «Қайрат» пен «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен қазақстандық жартылай қорғаушы Рифат Нұрмұғаметті қатарға қосты.

Келісімшарт 1+1 жыл жүйесі бойынша жасалды.