Жапониялық мәнерлеп сырғанаушы Юдзуру Ханю мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл шешімін арнайы баспасөз мәслихатында жариялады.

Ханю ерлер арасындағы жекелей сында екі дүркін Олимпиада чемпионы, Сочи-2014 және Пхенчхан-2018 ойындарында жеңіске жеткен, 2022 жылы Бейжің ойындарында 4-орын алды.

Жапон спортшысы әлем чемпионатын екі рет жеңіп алды. Әлем чемпионатында жалпы 7 медаль (2-3-2) алған. Ханю – жарыста төрттік циклді орындаған тарихтағы бірінші мәнерлеп сырғанаушы.