Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина Сан Хоседегі WTA 500 турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

Елена бұған дейін келесі турнирін АҚШ-та өткізіп, US Open-ге дайындалатынын айтқан.

Сан Хоседегі (Калифорния, АҚШ) WTA 500 Silcon Valley Classic турнирі 1 тамызда басталып, бір аптаға жалғасады. Турнирдің жүлде қоры - 757 900 доллар.