«Тұранның» қақпашысы Эржан Токотаев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында кейінгі өткен матчтар туралы, клубта болып жатқан жағдай мен маусымға қойылған мақсат туралы айтып берді.

- Эржан, «Жетісуға» қарсы матчта қосалқы құрамда отырдың. Бапкер саған демалыс берді ме, әлде басқа себебі бар ма?

- Матчтың алдында кубок ойындарында бәріміз кезек-кезек шығамыз деген келісім болды. Оның үстіне «Ақтөбеге» қарсы матчта жарақат алып, жеке дайындалдым.

- «Ақтөбемен» ойынға тоқтала кетсең. Не дұрыс болмады?

- Дәлдік жетіспеді деп ойлаймын. Өйткені мұндай командаға қарсы ойында көп мүмкіндік бола бермейді, сондықтан әр сәтті пайдалана білу керек. Бұған қоса болмашы жерден қателік жасадық, соның арқасында қарсыласымыз екі гол соғып кетті.