Қазақстандық «Барыс» командасының Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын қашан өткізетіні белгілі болды.

Елордалық клуб алғашқы ойынын 3 қыркүйекте бастайды. Бұл күні елордалық хоккейшілер Беларусьте «Динамо» (Минск) командасымен мұзайдынға шығады.

«Барыс» елордадағы бірінші ойынын 13 қыркүйекте «Трактор» (Челябинск) командасына қарсы өткізеді.