Бүгін Ньон қаласында Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші іріктеу кезеңіне өтсе «Астана» «Спартак» Трнава/ «Ньютаун» жұбының жеңімпазымен, «Қайрат» «Молде»/ «Эльфсборг» жұбының жеңімпазымен, «Тобыл» «Тирана»/ «Зриньски» жұбының жеңімпазымен, ал «Қызыл-Жар» «Ботев» / АПОЭЛ жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Үшінші айналымның алғашқы ойындары 4 тамызда, қарымта кездесулер 11 тамызда өтеді.