«Осиек» Хорватия чемпионатының бірінші турында өз алаңында «Горицаны» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Осиек» (Хорватия) – «Горица» (Велика-Горица, Хорватия) – 2:1

Гол соққандар: Дрена Бельо 62, 74 (пенальти) – Даниэль Лончар 66 (автогол)

Айта кетейік, УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Қызыл-Жар» - «Осижек» матчы 21 шілдеде Нұр-Сұлтандағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Ойын елорда уақытымен 18:00-де басталады.