17 шілдеде Нью-Йоркте (АҚШ) UFC on ABC 3 (UFC: Лонг-Айленд) турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақта Брайан Ортега мен Яир Родригес кездеседі.

Бұдан бөлек Муслим Салихов – Ли Джинглианг жекпе-жегі де жанкүйер назарын аударады.

UFC Лонг-Айленд турнирін мына СІЛТЕМЕ арқылы тікелей эфирде көруге болады (UFC Fight Pass жазылымын сатып алу керек). Сондай-ақ жарыстың негізгі кардын кабельдік желілерде Setanta Sports 1 арнасы тікелей эфирде көрсетеді.