29 шілдеде Алматыда OCTAGON лигасының кезекті ивенті өтеді.

O33 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы ұйымның бос чемпиондық белбеуіне Нұрбек Тәжібаев (5-1) пен Мәжит Сардаров (4-0) күш сынасады.

Prosports.kz тілшісі шымкенттік файтер Нұрбек Тәжібаевпен хабарласып, алдағы чемпиондық мүмкіндігі туралы пікірін білді.

Нұрбек, сізге жеңіл салмақта лиганың чемпиондық белбеуі үшін таласуға мүмкіндік бұйырды. Бұл сізге тосынсый болды ма?

– Жоқ, біз бұл жекпе-жекті күттік, өйткені біздің мақсатымыз OCTAGON лигасының белбеуін жеңіп алу болатын.

Қарсыласыңыз Мәжит Сардаров болады. Ол туралы не білесіз және сіздің ойыңызша ол қаншалықты мықты?

– Қарсылас - жеңілмеген мықты файтер. Біз оның кейінгі жекпе-жектерін көріп, жақсы дайындалдық.