Бұрынғы UFC чемпионы, ережесіз жекпе-жек шебері Хабиб Нурмогамедов Ақтауға ұшып келді. Қазақстанға кезекті реті жолы түсетінін Хабиб алдын-ала мәлімдеген болатын.

- Салам-алейкум, Қазақстан! Баршаңызға сәлем! Біз қайтадан сіздерге қонаққа келдік. Бұл жолы 16 шілде күні Eagle FC және Naiza FC-ның бірлескен турнирі өтетін Каспий жағасына ат басын тіредік.

Жақында сол жақта көрісеміз, көптеген қызық күтіп тұр. Титулды жекпе-жектер де бар. Бәріңізге сәттілік!, - деді Хабиб.