Қазақстандық файтер Мария Агапова жарақатына байланысты UFC 227 турниріне қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

2022 жылы 30 шілдеде Далласта (Техас, АҚШ) өтетін UFC 227 турниріне Мария Агапова тізе жарақатына байланысты қатыса алмайтын болды. Кореялық Джи Ён Киммен жұдырықтасуы тиіс болған отандасымыздың орнына Панама спортшысы Джозелин Эдвардс өнер көрсетеді.

«Өкінішке қарай, дайындық кэмпінде жарақат алдым. Сондықтан 30 шілдеде жекпе-жек өтпейді. Жанкүйерлерім мен қарсыласымнан кешірім сұраймын. Жекпе-жекті қыркүйек айында ауыстыруға уәде берді. Қазір қайта қалпыма келіп жатырмын», — деп жазды спортшы әлжелідегі парақшасында.

Кештің басты жекпе-жегінде әйелдер арасындағы жеңіл салмақта UFC чемпионы атағы үшін қазіргі чемпион Джулианна Пенья (11-4 MMA, 7-2 UFC) мен бұрынғы чемпион Аманда Нунис (рейтингте 1-орын, 21-5 MMA, 14-3 UFC) кездеседі.