Өзбекстандық «Хумо» клубы хоккейден Қазақстан Pro Hokei Ligasy алдағы маусымында бақ сынайды. Бұл туралы лиганың ресми сайты хабарлады.

«Өзбекстан хоккей федерациясымен түбегейлі келісімге қол жеткізілді. Жақын уақытта қатысу шарты мен басқа да нормативтік құжаттар рәсімделеді», - делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, ташкенттік команда бұған дейін Қазақстан чемпионатына қатысқан болатын. Алғаш қатысқан 2019-20 жылғы маусымда «Humo» тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша оныншы орын алды.